12
сентябрь
2025
2025 жылдың 5 қыркүйегінде мектебімізде Қазақстан халқының тілдер күніне арналған іс-шара өтті.
2025 жылдың 5 қыркүйегінде мектебімізде Қазақстан халқының тілдер күніне арналған іс-шара өтті. Бұл мереке қазақтың ұлы перзенті, Алаш арысы, ағартушы, лингвист ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай бекітілген. Іс-шара барысында оқушылар мен ұстаздар ана тілінің мәртебесін көтеріп, мемлекеттік тілдің маңызын айшықтайтын өлеңдер оқып, әндер шырқап, мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерден көрме ұйымдастырды.
Мақсаты – жас ұрпаққа мемлекеттік тілді құрметтеуді, ұлттық құндылықтарды дәріптеуді, тілдің қоғамдағы орнын түсіндіру болды. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етті.