29
октябрь
2025
Оқушылардың күзгі демалысын оңтайлы өткізу мақсатында Ұстаз фильмі көрсетілді
Күзгі демалыс уақытында оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, танымдық және рухани мәдениетін арттыру мақсатында мектепте фильм көру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында 6-9 сынып оқушыларына “Ұстаз”фильмі көрсетілді. Оқушыларға тәрбиелік мәні бар, адамгершілікке, достыққа, еңбекқорлыққа баулитын көркем фильмдер көрсетілді.
Бұл шара оқушылардың қызығушылығын арттырып, жақсы көңіл күй сыйлады.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың демалыс уақытын мазмұнды өткізу, ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және кино арқылы тәрбиелік құндылықтарды дәріптеу.
![]()