Салық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Адал азамат – адал салық төлеуші» тақырыбында жиын өткізілді
Қоғамдағы әрбір азаматтың мемлекет алдындағы міндеті болып табылатын салық төлеудің маңыздылығын түсіндіру, салық мәдениетін қалыптастыру және заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында мектеп ұжымы арасында «Адал азамат – адал салық төлеуші» тақырыбында түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Кездесу барысында қатысушыларға салықтың ел экономикасын дамытудағы рөлі, бюджет қаражатының әлеуметтік салаларға жұмсалуы және адал салық төлеудің әділ қоғам қалыптастырудағы мәні туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында салық төлеушінің жауапкершілігі мен азаматтық борышы жайлы бейнероликтер көрсетіліп, талқылау ұйымдастырылды.
Іс-шара соңында мектеп ұжымы салықты уақтылы және адал төлеу – мемлекетке, өз еліңнің дамуына қосқан үлес екенін атап өтті.
![]()