04
март
2023
"Көңілді старт" спорттық іс-шара
"Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің №13 орта мектеп (арнаулы сыныптарымен) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің арнаулы сыныптарында әдістемелік бірлестік жетекшісі А.Омарова және дене шынықтыру мұғалімі М.Нурасиловтың ұйымдастыруымен жекелей үйден оқыту әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері арасында "Көңілді старт" спорттық іс-шара өткізілді. Мақсаты: Мұғалімдерді спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту. Мұғалімдердің күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық процестер мен адамдық қасиеттерді дамыту.
Командалар үш топқа бөлініп эстафеталық жарыстар өткізді. Жарыс соңында жеңген команда мақтау грамотасымен марапатталды.