«Жыл аруы 2023»

10.03.23 күні барлығы асыға күткен «Жыл аруы 2023» атты байқау өтті. Байқауға мектебіміздің көрікті де көркем, сұлу да талантты қыздары қатысып, өз бақтарын сынады. Жалпы сайыс 4 кезеңнен тұрды:
1.«Мен қазақтың қызымын дара туған» өзін таныстыру.Регламент 5мин
2. Өнер сайысы (ән, би, күй, өлең оқу т.б.).
3. Салт - дәстүрге байланысты сұрақ - жауап. 1-2 минут.
4. Өзінің дизайнерлік киім үлгісін көрсету.
Барлық қатысушылар ерекше дайындықпен келіп, көрермендер мен төрешілерді таңғалдырды. Алайда көрермен назарын өзіне баурап алып,үздік деп танылған 7"а" сынып оқушысы Молдажан Еңлік «БАС ЖҮЛДЕНІ» иеленіп, «Жыл аруы 2023» атағын алды.
1орын- Ашимхан Сұңқар 9 "а" , Құрман Мерей 5"а"
2 орын- Омар Гульназ 10 сынып, Ким Анита 5"б"
3 орын- Ислам Алима- 8"б" , Сламғали Еркежан 5"а"
Қалған қатысқан қыздар арнайы номинациямен марапатталды.
Қыздарымызды шын жүректен құттықтаймыз. Биік белестерден көріне беріңіздер!!!