Достық білім беру орталығы
Достық білім беру орталығы Талдықорған қаласы білім бөлімімен бірлесе отырып 10 сыныптарға олимпиада өтті. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: - қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, 10-сынып оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру -оқушыларды ҰБТ (Ұлттық Бірыңғай Тестілеу) сынағы, пәндері бойынша хабардар ету және деңгейлерін анықтауға мүмкіндік жасау. Олимпиада 10-сынып оқушылары үшін жаңартылған бағдарлама бойынша екі кезеңде өткізіледі.Олимпиаданың 1-ші туры онлайн болады. Осы жоспарға сәйкес Талдықорған қаласындағы №13 орта (арнаулы сыныпарымен) мектеп әкімшілігі 28 ақпанда 10- сынып оқушыларын ұйымдастырып, ережеге сай олимпиада жұмыстарын жүргізді. Ереженің орындалуын талап ету мақсатында және жоғары балл алғанда қандай жеңілдіктер мен сертификаттар алуға болатынын айтып оқу ісінің меңгерушісі Ахметжанова Шынар Тұрысбековна түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Барлық қатысқан оқушы саны 19 оқушы. Оқушылар өздерінің болашақ мамандықтарына сай пәндерін таңдап, олимпиадаға белсене қатысты.