№13 орта мектеп (арнаулы сыныптарымен) туралы жалпы мәлімет
№13 орта мектеп (арнаулы сыныптарымен) коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін бірден - бір мекеме.
№13 орта мектеп (арнаулы сыныптарымен) алғаш №3 бастауыш сынып мектебі болып 1947 жылы ашылды. Алғашқы жылдары мектепте 8 сыныпта 300 оқушы оқыды. 1948-1949 жылдары оқушылардың 50% колхозда жұмыс жасағандықтан мектеп 3 ауысымда жұмыс істеген. Ал,
1949-1950 жылдары мектеп 2 ауысымда жұмыс жасады. 1958 жылдың наурыз айында Қазаққұрылыс электромонтаж ұйымының қамқорлығымен жаңа 7 сынып бөлмесі, 2 залы бар және 2 қосалқы жұмыс бөлмесі бар құрылыс жұмысы басталып, 1958-1959 жаңа оқу жылына берілді. Осы уақытта қосалқы шаруашылыққа арналған ғимараттар салынды. Осы оқу жылынан бастап 7 жылдық білім беретін мектеп болды, онда 18 сынып оқытылды. 1959-1960 оқу жылдары Қалалық атқару комитеті депутататарының шешімі бойынша мектептің орналасу жері қайта қарастырылды. Екі оқу жылының ішінде мектеп кітапханасы қорында 5000 сомды құрайтын кітап қоры болды және оқулықтармен, көрнекі құрал – жабдықтармен толықтырылды. Мектепте тәжірибе участкесі ұйымдастырылып, 1960 жылы жеміс-жидек бағы отырғызылды.
Спорт залының салынуына мектеп оқушылары да көмек көрсетті. 1967 жылы 19 мамыр пионерлер ұйымының туған күніне байланысты мектепке А.П. Гайдардың есімі беріліп, ескерткіші қойылды. 1967 жылы «Достық» алеясы салынды. Мектептегі комсомол ұйымы мектепке қамқорлық көрсетуші Асфальт – Бетон завод жұмысшыларымен тығыз байланыста болды. Завод жұмысшылары «Достық» алеясының ашылуына үлкен көмек көрсетті. 1979 жылы мектеп үш қабаттан тұратын жаңа ғимаратқа көшіріліп, 10 жылдық жалпы білім беретін мектеп болып құрылды.
1983 жылдан мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы сыныптар ашылды. 1995 жылдан №13 орта мектеп деп, ал 2010 жылдан бастап №13 орта мектебі (арнаулы сыныптарымен) деп аталады.