23
октябрь
2023
«Оқуға құштар мектеп» жобасы

№13 орта мектеп(арнаулы сыныптармен) «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2 қазан жазушы, детектив жанрының дарабозы Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл толуына орай мектеп кітапханасы «Қазақ детективінің атасы» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге Кемел Тоқаевтың «Тасқын», «Солдат соғысқа кетті», «Түнде атылған оқ», «Сарбағанда болған оқиға» ,таңдамалы шығармалар жинағының 5 томдығы, «Өнегелі өмір» сериясымен шыққан «Кемел Тоқаев»атты шығармаларына QR жасалып оқырманға ұсынылды.Шара барысында оқушыларға кітапхана қызметкерлері Кемел Тоқаевтың өмірбаяны, шығармашылық жолы жайында ақпараттар беріп, қазақ детектив жанрының дарабозы Кемел Тоқаевтың кітаптары оқуға шақырды.