“Бала неге өтірік айтады?
Ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша 19 қаңтар күні 10-11 сынып оқушыларының әкелеріне арналған «Әкеңнің төріне сенбе,еткен еңбегіне сен» тақырыбында танымдық сабақ өтті. Сонымен қатар, “Бала неге өтірік айтады?”деген тақырыпта педагог-психолог Дариға Аязбековна баяндама оқып ,сауалнама алды.
Мақсаты: Жағымды отбасының бейнесін дәріптеу, балаларды тәрбиелеудегі әкелердің рөлін күшейту, ізгілікті-рухани құндылықтар негізінде қоғамда белсенді азаматтарды қалыптастыру, отбасы, мектеп, жергілікті мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты жандандыру, жасөспірімдер арасындағы бақылаусыздық пен құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстарына ер азаматтарды тарту, бала бойында тәртіп, жауапкершілік, еңбекқорлық, шығармашылық қабілеттерді, салауатты өмір салтын қалыптастыруда әкелермен тәжірибе алмасу, ойбөлісу болып отыр.
Танымдық сабаққа жауапты болып, әкелерге қолдау көрсеткен Ахметжанова Анаркуль Изатбековна, Мұрал Айжан, Болатбаев Серик Жетписбаевич, Серік Рафис Серікұлы, Кенжеғалиев Ернар Сайатұлы, Жолдыбаев Конай Ғабитұлы