Бүгінгі күні қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі -балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.
Бүгінгі күні қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі -балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.
2024 жылы 17 қыркүйекте № 13 орта мектеп (арнаулы сыныптарымен) КММ- де 8-10 сынып оқушыларының қатысуымен құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізуге арнайы Талдықорған қалалық полиция басқармасы Ювеналды полиция тобының аға лейтенанты Бекешқызы Дильназ және Талдықорған қалалық полиция басқармасы Жол -патрульдік полиция қызметкері полиция лейтенанты Түркістан Ержан мырзаны шақырылды.
Жиналыстың негізгі тақырыбы қала көлемінде кәмелетке толмағандар арасында жалпы орын алып отырған құқық бұзушылықтарға тоқтала кетіп, кәмелетке толмағандар жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке, ал 16 жастан бастап әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылатынын ескертіп, қылмыс түрлерін саралап, оның жауапкершілігі жайлы түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, оқушылардың жолда жүру ережесін ұстануын атап өтті. Балалар біздің болашағымыз. Балаларды ерте жастан жолда жүру тәртібін үйрету қажет. Жыл сайын жолдарда көліктер көбейіп келеді, балаларға қатысты жол көлік оқиғалары да көбеймесе азайып бара жатқан жоқ. Қауіпсіз жүруді қамтамасыз ету үшін Жол қозғалысы ережелерінің қатаң заңы бар. Денсаулығымыз бен өмірімізді сақтау үшін бәріміз жол ережесін сақтауымыз керек деп атап өтті.
Заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22:00 -ден кейін көшеде, алаңда, компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23:00 -ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынғанын айтып өтті.
Өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарын пайдалана біліп, қатыгесдіксіз өмірлерінің сақталуы жолында аянбай еңбек ету – біздің басты парыз.
Жоғарыда аталған іс-шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Алмабековна, педагог- ұйымдастырушы Д. Назерке, мектеп менторы М. Жинакова және сынып жетекшілері қатысты!
@zhetysu_bilim
@taldykorgan_bilim
@gorono_metod