Талдықорған қаласы Полиция басқармасы Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Г. Иманхитованың қатысуымен дәріс өтті.
10 желтоқсанда №13 орта мектебінде (арнаулы сыныптарымен) жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықың мәселесін түсінуіне, өз-өзіне баға беруге тәрбиелеу, кемсіту, мұқатуға жол бермеу, басқаға сыйластық танытып, кішіге ізет көрсету, сенімді мінез-құлықты дамыту, буллинг, кибербуллингті болдырмау мақсатында Жетісу облысы Талдықорған қаласы «Жанұя» отбасын қолдау орталығының заңгері Намазбаев Айдарбек Билібекұлы, орталықтың маманы Хасанова Жанна Алашбековна, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ әлеуметтік педагогы С.Қасымжанқызы, психологы Б. Тойлебаева, сонымен қатар Талдықорған қаласы Полиция басқармасы Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Г. Иманхитованың қатысуымен дәріс өтті.
Дәрістің негізгі мақсаты оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру арқылы, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін ұғындыру арқылы заң бұзушылықты алдын алу үшін, ең бірінші тәртіптен бастау керектігін түсіндіру.
@gorono_metod
@taldykorgan_bilim
@zhetysu_bilim