Жетісу полицейлері балаларды Жаңа жылмен құттықтады
Жетісу полицейлері балаларды Жаңа жылмен құттықтады
Жетісу облысы Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасы қызметкерлері Талдықорған қаласындағы №13 мектептің оқушыларын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оларға ерекше қуаныш сыйлады.
Полицейлер балаларға тәттілер мен сыйлықтар таратып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мектеп басшылығы тәртіп сақшыларының қамқорлығы мен қолдауы үшін шынайы алғысын білдірді.
Жаңа жыл — жүрекке жылулық сыйлайтын, шаттық пен қуанышқа толы мереке. Әсіресе, бүлдіршіндер үшін бұл күннің маңызы ерекше. Қайырымдылық жасау – ішкі істер органдарындағы тұрақты дәстүр. Біз әрдайым балалардың жүзінен күлкі көру үшін қолымыздан келген көмекті көрсетуге дайынбыз, — деп атап өтті полиция қызметкерлері.
Мұндай игі шаралар полицейлердің қоғаммен байланысын нығайтып, халықтың сенімін арттыруға бағытталған. Жетісу облысы ПД бұл дәстүрді алдағы уақытта да жалғастыра беруді жоспарлап отыр.