2025 жыл елімізде «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланғаны белгілі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: Бұл шешім ел экономикасының дамуына жұмысшы мамандықтардың маңызды рөл атқаратынын көрсетеді
🔻 2025 жыл елімізде «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланғаны белгілі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: Бұл шешім ел экономикасының дамуына жұмысшы мамандықтардың маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Әрі біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз», – деп атап көрсеткен еді.
Талдықорған қаласы бойынша жалпы 30 білім беру мекемесінде 35 790 білім алушы бар.
Жалпы облыс орталығы Талдықорған қаласында 12 арнайы орта білім беретін колледждер бар. Қазіргі күні осы колледждерде кәсіптік техникалық, агрорлық салада 9 мыңға жуық білімгер білім алуда. Ол жерде біздің осы білім саласына қатысты дәнекерлеуші, шаштараз, электромонтер, автокөлікті жөндеу электр газбен дәнекерлеуші қарапайым жұмысшыларды дайындауда.
Бүгінде біздің түлектеріміз тек біздің қаламыздан бөлек еліміздің әр өңірінде табысты еңбек етіп жүргені біз үшін үлкен абырой.
Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу мақсатында еліміз бойынша біздің қаламызда алғашқы рет Талдықорған жоғары политехникалық колледжі, Сервис және технологиялар колледжімен мектептер арасында «Аттестат-диплом» пилоттық жобасы іске асырылып, жоба аясында 10-11 сынып оқушылары 16 жұмысшы біліктілігі бойынша 1,5 жыл оқу мерзімінде оқытылады.
Жарқын келешегіміз білімді, еңбек сүйгіш жастардың қолында!
@zhetusy_bilim
@jetisu_akimdigi
@taldyqorgan_akimdigi
@marlen_kolbaev
@marat.suleimenov81
@zhetisu_umc