Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс істеуде мәселелерді талдау, тәжірибе тарату
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс істеуде мәселелерді талдау, тәжірибе тарату мақсатында бастауыш сынып мұғалімдері, педагог-логопедтері, арнайы педагогтердің сабақтарынан үзінді. Сөйлеу тілінің кемшіліктерін түзету пәні бойынша «Мамандықтар әлеміне саяхат» кіріктірілген сабағын педагог- дефектолог Мақсұт Дәния Ерқыдырқызы, педагог-психолог Азимбаева Назерке Ериковна, орыс тілі пәнінен «Признаки предметов» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі, педагог-дефектолог Ахмедова Альмира Уллубиевна, әлеуметтік-тұрмыстық бағдар пәні бойынша «ҚР азаматының негізгі құжаттары» тақырыбында педагог-дефектолог Бакетова Айнұр Кеңесовна, жаратылыстану пәнінен «Суды қалай тазартады?» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Қалдышева Жанар Қуатбековна, жекелей үйден оқыту (оқу және тіл дамыту ) пәнінен «Қыс.Қар жауған күн» тақырыбында педагог-дефектолог Қыдырманова Алтын Нүретовна, жекелей үйден оқыту (математика ) пәнінен «Сравнение чисел в пределах 20» тақырыбында Кайрбекова Гульдана Хайсановна тәжірибе таратты. Логопедиялық сабақ бойынша «Жануарлар әлеміне саяхат. «Р» дыбысын сөзде машықтандыру тақырыбында педагог-логопед Сағат Арайлым Нұрланқызы, «Көліктер. Сөйлеу тілін дамыту» тақырыбында педагог-логопед Акылбаева Айнур Балатбековна және математика пәні бойынша «Фигуралар тізбегі, бейімделген оқу бағадарламасы» тақырыбында педагог-дефектолог Нурахметова Гүлим Жумагалиевна тәжірибе таратты. Семинардың қорытынды бөлімі бойынша оқушылардың шығармашылық жұмыстарын педагог-дефектологтар Кемелханова Гүлвира Самадияровна, Адилхан Алтынгүл қуыршақ театрымен «Бауырсақ» ертегісін, педагог-дефектолог Байшапанова Анара Накажаевна жетекшілігімен «Снежная королева» ертегісі қойылып, физика пәнінің мұғалімі Оразбаева Салтанат Касымбековнаның жетекшілігімен «Сұлу қыз» отбасылық әнімен семинар аяқталды.
@zhetusy_bilim
@jetisu_akimdigi
@taldyqorgan_akimdigi
@marlen_kolbaev
@marat.suleimenov81
@zhetisu_umc