4 Наурыз күні “Халықаралық Азаматтық қорғаныс күні” және “Азаматтық қорғаныс айлығы” басталды
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекетік мекемесінің «№13 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025-жылдың - 4 Наурыз күні “Халықаралық Азаматтық қорғаныс күні” және “Азаматтық қорғаныс айлығы” басталды.Соған орай мектеп ұжымы мен оқушыларының ТЖ кезіндегі іс-әрекеттерін пысықтау мақсатында сейсможаттығу және «Азаматтық қорғаныс - халық қауіпсіздігінің кепілі» атты мектеп оқушылары арасында сурет көрмесі және ТЖД “Ашық есік” күні ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға барлық мектеп ұжымы мен оқушылар қатыстырылды.Азаматтық қорғаныс күні – төтенше жағдайлар кезінде халықты, оның ішінде оқушылар мен мұғалімдерді қорғауға, қауіпсіздік ережелерін үйретуге бағытталған іс-шара. Бұл күн мектептерде төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыру, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын дамыту және эвакуация тәртібін үйрену мақсатында өткізіледі.
@zhetusy_bilim
@jetisu_akimdigi
@taldyqorgan_akimdigi
@marlen_kolbaev
@zhetisu_umc
@meruertabdykalieva
@taldykorgan_bilim
@bilim_baskarmasi
@gorono_metod