Агро-техникалық колледжінің мамандары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М. Битлеуова және биология пәнінің мұғалімі Г. Әскербекқызы мамандық таңдау бойынша дәріс өткізді.
7 сәуір 2025 жылы №13 орта мектебінің 9-10 сынып оқушыларына Талдықорған қаласының Агро-техникалық колледжінің мамандары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М. Битлеуова және биология пәнінің мұғалімі Г. Әскербекқызы мамандық таңдау бойынша дәріс өткізді.
Дәрістің басты мақсаты — оқушыларды ауыл шаруашылығы мен агротехникалық салада білім беретін оқу орнының қызметімен таныстыру, агротехникалық мамандықтар туралы толық ақпарат беру және болашақта осы салада білім алуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Сондай-ақ, экскурсия барысында студенттердің оқу процесі, техникалық құралдар мен ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын заманауи технологиялар көрсетіледі.
Агро-техникалық колледжге ұйымдастырылған экскурсия оқушыларға ауыл шаруашылығы және агротехникалық саласындағы мамандықтармен танысуға мүмкіндік береді. Бұл экскурсия жастардың болашақ мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына ықпал етіп, ауыл шаруашылығында жұмыс істеуге деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған маңызды шара болып табылады.
Инновациялық колледж — бұл білім беру жүйесінде жаңа, заманауи технологиялар мен әдістемелерді енгізуді мақсат тұтқан оқу орны. Мұндай колледждер студенттерге кәсіби білім мен дағдыларды қалыптастыруда инновациялық тәсілдер мен құралдарды пайдалану арқылы білім сапасын арттырады. Олар дәстүрлі оқыту әдістерінен тыс, ғылым мен техникадағы соңғы жетістіктерді білім беру үдерісіне енгізуді көздейді.
Мамандық таңдаудан қателспеңіз...