Жетісу облыстық Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасына Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі менторлар экскурсия ұйымдастырды.
2025 жылғы 02 мамыр күні Талдықорған қаласының №13 орта мектебі, Мағжан Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының оқушыларына арналған Жетісу облыстық Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасына Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі менторлар экскурсия ұйымдастырды.
Іс-шара барысында оқушылар криминалистердің жұмысымен танысып, олардың күнделікті қызметіндегі негізгі бағыттар туралы ақпарат алды. Мамандар қылмыс орнынан алынған дәлелдемелерді жинау, сараптамалар жүргізу және қылмыстарды ашу әдістері туралы түсінік берді. Оқушыларға дактилоскопия, трасология, баллистика, портреттік сараптама және құжаттарды техникалық зерттеу сияқты зерттеу түрлері көрсетілді. Практикалық сабақтар барысында оқушылар саусақ іздерін арнайы құралдармен анықтау әдістерін үйренді.
Жетісу облысы Полиция департаментінің Жедел-криминалистика басқармасының бастығы полиция подполковнигі Кембабанов Марат Ералханович балалардың құқығын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз теу, жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу мәселелері бойынша Жетісу облысы Полиция басқармасы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың құқық қорғау қызметіне деген қызығушылығын арттырып, олардың құқықтық сауаттылығын жоғарылатуға бағытталған. Сондай-ақ, криминалист мамандығына қызығушылық танытқан жастар үшін болашақта осы салада қызмет етуге ынталандыру болып табылады.
Жетісу облысы Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасының ұйымдастыруымен өткен бұл экскурсия оқушылар үшін пайдалы әрі танымдық тұрғыдан маңызды болды.