08
май
2025
Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл...
Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл...
Биыл барша адамзат тарихындағы ең ірі және қантөгістердің бірі – Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл толып отыр. Бұл миллиондаған адамның өмірін жалмаған, талай тағдырды өзгерткен, алайда халқымыздың ерлігі мен рухымыздың беріктігін дәлелдеген ұлы кезең.
80 жыл өтсе де, Ұлы жеңістің рухы өшпейді. Бүгінгі ұрпақ үшін бұл тек тарихи дерек емес, ерлік пен патриотизмнің мәңгілік сабағы. Жыл сайын мектебімізде 9 мамыр ерекше құрметпен аталып өтіледі. Бүгінгі жастар соғысты көрмеген ұрпақ. Бірақ, олар ерлік пен батырлықты ұмытпауға, бейбіт елдің бақытын бағалай білуге тиіс, өйткені бұл жеңіс әрқайсымыздың жүрегімізде сақталуы тиіс тарихи сәт