💡Ата-аналар мен сынып жетекшілер назарына! » №13 орта мектеп. Талдықорған
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің

«№13 орта мектеп (арнаулы сыныптарымен)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
➤Instagram Парақшамыз Қабылдау бөлімі :
+7(7282)32-21-56
E-mail №13 ОМ:
➤taldikorgan.sh13@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 💡Ата-аналар мен сынып жетекшілер назарына!

ИНСТАГРАМ ПАРАҚШАСЫ №13 ОРТА МЕКТЕП


13
май
2025

💡Ата-аналар мен сынып жетекшілер назарына!

💡Ата-аналар мен сынып жетекшілер назарына!

🔰 «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласындағы №13 орта мектеп (арнаулы сыныптарымен) әкімшілігі 2024-2025 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау кезеңінде, соның ішінде 4,9, 11 сынып бітірушілерге қатысты келесі маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынады!

✅Педагогикалық этика мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге қандай да бір сыйлық ұсынуға, ақша жинауға қатаң тыйым салынады.

✅Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру;
Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады.

⚜️Бұл шектеулер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау мақсатында енгізілген.

✅Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында автокөлік шеруіне шығуға, ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға, дәмханаларға және басқа да орындарға баруға рұқсат етілмейді.

✅Мектеп ішінде немесе мектептен тыс жерде ата- аналар тарапынан мерекелік дастархан ұйымдастыруға, қаражат жинауға тыйым салынады.

⚜️Қорытынды аттестаттау барысында мектеп формасын сақтап, тәртіпті, жауапкершілікті болу – әрбір оқушы үшін міндет.

❗️Ескерту:
Аталған талаптар 4, 9, 11 сынып оқушылары мен ата- аналарына бірдей дәрежеде қатысты.

✅Соңғы қоңырау шәкірттің үлкен өмірге қадам басу алдындағы маңызды рухани сәт, сондықтан оның мазмұнды әрі тәртіпті өтуі бәрімізге ортақ жауапкершілік!

⚜️Құрметті ата-аналар!
Жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң сақтап, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамауларыңызды сұраймыз.

⚜️Біз балаларға сапалы білім мен тәрбие беруді абыройлы міндет деп санаймыз.
Кез келген сұрақтарыңыз туындаса, сіздермен ашық диалог орнатуға дайынбыз!

⚜️Құрметпен, мектеп директоры Сулейменова Салтанат Жанылисовна


  

🤖 Ассистент №13
🇷🇺 Рус
🇰🇿 Қаз
🇺🇸 Eng
Қош келдіңіз! Тілді таңдаңыз 👆