Жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан
Жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына Банк ЦентрКредит мамандары да өз үлестерін қосты. Акцияның басты мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Банк қызметкерлері мектеп оқушыларына сөмке, кеңсе тауарлары мен оқу құралдарын сыйға тартып, олардың жаңа оқу жылын қуанышпен бастауына жағдай жасады.