«Жыл аруы 2023»
10.03.23 күні барлығы асыға күткен «Жыл аруы 2023» атты байқау өтті. Байқауға мектебіміздің көрікті де көркем, сұлу да талантты қыздары қатысып, өз бақтарын сынады. Жалпы сайыс 4 кезеңнен тұрды: 1.«Мен қазақтың қызымын дара туған» өзін таныстыру.Регламент 5мин 2. Өнер сайысы (ән, би, күй, өлең оқу т.б.). 3. Салт - дәстүрге байланысты сұрақ - жауап. 1-2 минут. 4. Өзінің дизайнерлік киім үлгісін көрсету. Барлық қатысушылар ерекше дайындықпен келіп, көрермендер мен төрешілерді таңғалдырды.