«Бала табысының кілті – ата-ананың қолдауында»
Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру, отбасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайту, баланың оқу жетістігі мен мінез-құлқына ата-аналық қолдаудың әсерін түсіндіру мақсатында 2025 жылдың 2 қазан күні мектепте «Бала табысының кілті – ата-ананың қолдауында» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында ата-аналарға баланың табысты оқуына ықпал ететін психологиялық және педагогикалық факторлар жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар «Бала жетістігі – ата-ананың еңбегі» атты бейнежазба көрсетіліп, пікірталас ұйымдастырылды.
Ата-аналармен «Табысты бала – бақытты отбасы» тақырыбында сұрақ-жауап, тәжірибе алмасу және тренинг элементтері өткізілді.
@zhetysu_bilim
@zhetisu_umc
@gorono_metod
@marlen_kolbaev
@kairat_kuanyshbaev