Инклюзивті білім беру
Алматы қаласында
15 -17 қазан күндері өтетін Инклюзивті білім беру бойынша Дүниежүзілік Конгреске 51 мемлекеттен спикерлер , ғалымдар мен тәжірибелі мамандар жиналып отыр . Конгресті оқу - ағарту министрі
Ж. Сулейменова ашып , қонақтарды , қатысушыларды құттықтады және осы конгресті ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Қазақстандық және дүниежүзілік ірі компанияларға алғысын білдірді . Министр Казақстанда инклюзивті білім беру жағдайын , атқарылып жатқан жұмыстар және болашақ жоспарлармен бөлісті . Конгресте инклюзивті білім беруді ұйымдастыру барысындағы тиімді жолдар , әдіс - тәсілдер , жаңаша көзқарастар талқыланатын болады .
Конгреске 135 тен астам елде инклюзивті білім беруді ілгерілетіп , Халықаралық форумдардың негізін қалаушы , бас директоры , Инклюзия саласының сарапшысы, үш бестллер кітабының және көптеген мақалалардың авторы Даниэль Собель қатысты , ол өз сөзінде :
-Конгресс әлемдік мамандарды біріктіретін тренд .
Қазақстан мемлекеті диолог - пікірталас жасай алатын,
осындай конгрестерді өткізе алатын ,жайлы , ашық мемлекет ,- деп атап өтті.
Жалпы ұстаздар үшін бұл конгресс инклюзивті білім берудегі мақсаттарымызға жаңаша серпін беріп , оқушыларымызға қоғамда өмір сүрулеріне тең мүмкіндік жасау жолында аянбай еңбек етуімізге үлкен мотивация берді . Ұйымдастырушыларға үлкен Алғыс👍👍👍
Алға , Қазақстан❤️❤️❤️






