20
октябрь
2025
Республика күніне орай сурет байқауы ұйымдастырылды
2025 жылдың 25 қазаны — Республика күніне орай 1-9 арнаулы сыныптар арасында «Менің Қазақстаным» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттыру, ел тарихына, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқушылар өз туындылары арқылы еліміздің тәуелсіздігі мен жетістіктерін бейнеледі.
Қатысушылар арасынан үздік деп танылған оқушылар Алғыс хаттармен марапатталды.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы артты.
![]()