Оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болу керектігі жөнінде кездесу өткізілді
13 қазан күні оқушылар арасында зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында «Темекі, алкогольдік ішімдік, нашақорлық, электрондық темекі және лудоманияның зияны» тақырыбында салауатты өмір салтын сақтау (СӨС) мамандары Сандуғаш Ериковна, Алина Асқарбековна, Татьяна Ивановнаның қатысуымен кездесу өткізілді..
Кездесу барысында мамандар темекі шегудің, ішімдік пен есірткі заттарын қолданудың, электрондық темекі мен құмар ойындардың адам денсаулығына, психикасына және болашағына тигізер кері әсері туралы жан-жақты мәлімет берді. Сондай-ақ оқушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.
Іс-шара оқушылардың зиянды әдеттерге қарсы көзқарасын қалыптастырып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға бағытталды.
Қамтылған бала саны: 96
![]()