2025 жылдың 5 қыркүйек күні мектебімізде «Қауіпсіз қоғам – ортақ міндет» тақырыбында алдын алу шаралары бойынша кездесу ұйымдастырылды. » №13 орта мектеп. Талдықорған
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің

«№13 орта мектеп (арнаулы сыныптарымен)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
➤Instagram Парақшамыз Қабылдау бөлімі :
+7(7282)32-21-56
E-mail №13 ОМ:
➤taldikorgan.sh13@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2025 жылдың 5 қыркүйек күні мектебімізде «Қауіпсіз қоғам – ортақ міндет» тақырыбында алдын алу шаралары бойынша кездесу ұйымдастырылды.

ИНСТАГРАМ ПАРАҚШАСЫ №13 ОРТА МЕКТЕП


05
сентябрь
2025

2025 жылдың 5 қыркүйек күні мектебімізде «Қауіпсіз қоғам – ортақ міндет» тақырыбында алдын алу шаралары бойынша кездесу ұйымдастырылды.

2025 жылдың 5 қыркүйек күні мектебімізде «Қауіпсіз қоғам – ортақ міндет» тақырыбында алдын алу шаралары бойынша кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ ЮПТ полиция капитаны Д. Ушкемпиров, полиция капитаны М.Набиева, полиция аға лейтенанты – А. Абдыканов және Жетісу облысы діністер басқармасы М.Нурбеков пен Талдықорған қалалық емханасы әлеуметтік жұмысын үйлестіруші А. Шарипбаева қатысты.

Кездесу барысында:
• құқық қорғау органдары өкілдері жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және заңға бағынудың маңызы жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізді;
• дін істері басқармасының маманы жастарды радикалды діни ағымдардан сақтану, ұлттық құндылықтар мен зайырлы қоғам қағидаларын дәріптеу мәселелерін көтерді;
• денсаулық сақтау басқармасының мамандары салауатты өмір салтын ұстану, нашақорлық пен зиянды әдеттердің алдын алу, психикалық денсаулықты сақтау бағытында кеңестер берді.

Кездесу оқушылардың құқықтық сауатын арттыруға, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға және денсаулықты сақтау мәдениетін дамытуға ықпал етті. Қамтылған бала саны – 123

  

🤖 Ассистент №13
🇷🇺 Рус
🇰🇿 Қаз
🇺🇸 Eng
Қош келдіңіз! Тілді таңдаңыз 👆