22
октябрь
2025
Республика күніне орай Менің Қазақстаным тақырыбында Ең үздік челлендж түсірілді
Республика күніне орай мектебімізде 1-11 сынып оқушылары арасында “Менің Қазақстаным” тақырыбында “Ең үздік челлендж»түсіру ұйымдастырылды!
Мақсаты – оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттыру, ел тарихы мен мемлекеттік мерекелерге деген құрметін қалыптастыру, шығармашылық белсенділігін дамыту.
Іс-шара барысында оқушылар Республика күніне арналған бейнероликтер мен челленджтер ұйымдастырып, өз өнерлері мен идеяларын көрсетті.
Белсенді қатысып, ерекше ой-пікір мен шығармашылық қабілетін танытқан қатысушылар «Ең үздік челлендж» номинациясымен марапатталды.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың рухани және азаматтық көзқарасын қалыптастыруға зор әсерін тигізді.
@zhetysu_bilim
@zhetisu_umc
@gorono_metod
@marlen_kolbaev
![]()