23
октябрь
2025
Патриоттық шеру өткізілді
Оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттыру, ұлттық рухты дәріптеу, елжандылық пен бірлікке тәрбиелеу мақсатында 2025 жылдың 22 қазан күні мектебімізде 6–10 сынып оқушылары арасында «Намысты ұландар – Мәңгілік елдің ұрпағы» тақырыбында патриоттық шеру өткізілді.
Әр сынып «Мәңгілік Ел» идеясы мен ұлттық құндылықтарды насихаттайтын ұрандар мен плакаттар дайындап, патриоттық әндер шырқады. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты.
Патриоттық шеру оқушылардың бойында елге, жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, болашаққа деген сенім мен жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал етті.
@zhetysu_bilim
@zhetisu_umc
@gorono_metod
@marlen_kolbaev
@kairat_kuanyshbaev