Ата аналар жиналысы ұйымдастырылды
Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, олардың бала қызығушылығын қалыптастыру мен дамытудағы рөлін түсіндіру, тиімді ата-ана мен бала қарым-қатынасын нығайту мақсатында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес «Баланың қызығушылығын дамытудағы ата-ананың рөлі» тақырыбында 5-9 сынып ата-аналарына танымдық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында ата-аналарға баланың қабілеті мен қызығушылығын анықтау жолдары, шығармашылық ойлауын жетілдіру тәсілдері, қолдау мен ынталандырудың маңызы туралы ақпарат берілді. Тренингтік сұрақтар, пікірталас, тәжірибелік тапсырмалар арқылы қатысушылар белсенділік танытты.
Іс-шара соңында ата-аналар өз ойларын бөлісіп, баланың қызығушылығын дамытуда отбасылық тәрбиенің ықпалы зор екендігі атап өтілді.
Танымдық сабақ ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеруге, балатәрбиесіне саналы көзқараспен қарауына ықпал етті.
![]()