Мектеп асханасы туралы мәлімет » №13 орта мектеп. Талдықорған
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің

«№13 орта мектеп (арнаулы сыныптарымен)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
➤Instagram Парақшамыз Қабылдау бөлімі :
+7(7282)32-21-56
E-mail №13 ОМ:
➤taldikorgan.sh13@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп асханасы туралы мәлімет

ИНСТАГРАМ ПАРАҚШАСЫ №13 ОРТА МЕКТЕП


12
ноябрь
2025

Мектеп асханасы туралы мәлімет

№13 орта мектеп (арнаулы сыныптарымен) КММ

Мектеп асханасы туралы мәлімет
2025-2026 оқу жылы


Мектептің асханасында 15 үстел, 90 орындық бар. Тамақ пісіру, азық түлік сақтау бөлмелері бар. Асхананы жалға алушы кәсіпкер Курманбаева Алмагул 2025-2026 оқу жылында 1-4 сыныптардан 136 оқушы, 5-11 сыныптардан 122 оқушы (көпбалалы отбасынан 67 оқушы, аз қамтылған отбасынан 72 оқушы, оның ішінде 3 жартылай жетім) бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Асхана аптасына 5 күн, 3 ауысыммен жұмыс істейді. Тамақтану бірінші ауысымда сағат 09:35-09:50 аралығында, екінші ауысымда сағат 10:35-10:50 аралығында, үшінші ауысымда сағат 14:05-14:20 аралығында кезекші мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің көмегімен жүзеге асырылады. Бір балаға арналған тамақтың құны 1-4 сынып бойынша: 562,5 теңге, 5-8 сынып бойынша: 608,93 теңге, 9-11 сынып бойынша: 658,93 теңге. Мектепте жұмыс жасап отырған асхана санитарлық ереже талабына сай. Технологиялық құралдармен, тамақ пісіретін қажетті электр плиталары, ыдыс-аяқтар және тоңазытқыштармен қамтылған. Асхананың материалдық-техникалық базасы жақсы деңгейде. Қойма бөлмесі, мұздатқыш жұмыс жасап тұр. Аспаздың кәсіптік білімі бар. Жасөспірімдердің тамағының нәрлілігі мен құрамы талапқа сай болуы үнемі басты назарда. Асханада ас мәзірінің орны белгіленіп, күнделікті берілетін дәруменді тамақтар мен жеміс жидектердің ауысып келіп отырылуын мектеп әкімшілігі басшылықта ұстайды. Сүт өнімдері де белгіленген нормаға сәйкес берілуде. Экологиялық таза сумен қамтылған. Асхананың жұмыс істеуіне қажетті бұйрықтар шығарылып, ыстық тамақпен қамтылған оқушылар тізімі мен тамақтану кестесі жасақталды.



Мектеп директоры С.Ж.Сулейменова


 


 

🤖 Ассистент №13
🇷🇺 Рус
🇰🇿 Қаз
🇺🇸 Eng
Қош келдіңіз! Тілді таңдаңыз 👆