Мектеп президентін сайлау » №13 орта мектеп. Талдықорған
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің

«№13 орта мектеп (арнаулы сыныптарымен)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
➤Instagram Парақшамыз Қабылдау бөлімі :
+7(7282)32-21-56
E-mail №13 ОМ:
➤taldikorgan.sh13@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп президентін сайлау

ИНСТАГРАМ ПАРАҚШАСЫ №13 ОРТА МЕКТЕП


21
октябрь
2023

Мектеп президентін сайлау

 

 

 Қыркүйек айының 22 жұлдызында мектеп оқушылары арасында өзін – өзі басқару ұйымының құрамы жаңартылып, мектеп президенті қайта сайланды. Сайлаудың мақсаты: Оқушылардың білімге құштарлығын арттыру, өзін – өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауапкершілікті сезіне білуге қалыптастыру. Оқушының дүние танымын, жан – жақты ойлау қабілетін, ой – өрісін дамыту, көп ізденуге, бірін – бірі тыңдап, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.
Президенттік сайлауға 7-9 сыныптар арасынан 10 үміткер қатысып, «Егер мен президент болсам,...» деген тақырыпта өз жобаларын қорғады. Сайлауға мектеп ұжымы мен 5-11 сынып оқушылары түгелімен қатысты. Өзін -өзі басқару ұйымының президентін сайлау бюллетенін санап, қорытындысын жариялау үшін комиссия мүшелері және де былтырғы жылдың өзін-өзі басқару ұйымы тағайындалды. Сайлаудың қорытындысы бойынша 72 пайыз дауыс жинаған, 7 сынып оқушысы Әшімхан Ақдидар мектеп президенті болып сайланды. Мектебіміздің көшбасшысы болып, алдағы уақытта мектеп өмірін жандандырып көркейтеді деген сенім білдіріліп, ант қабылдады.

🤖 Ассистент №13
🇷🇺 Рус
🇰🇿 Қаз
🇺🇸 Eng
Қош келдіңіз! Тілді таңдаңыз 👆