«Девянты мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында слайд

Әр баланың өзінің ерекшелігі бар, оны байқай білу де, оны орайына қарай дұрыс бағытқа сілтей білу де,шеберлікті қажет етеді. Қандай қиын бала болса да ар-ожданына тимей, жеке ерекшелігін ескеріп,икемі бар жаққа қарай баулу, алдына айқын мақсат қою және оған жету жолында көмек беру сияқты сан-саналы, тынымсыз тәрбие жұмысы арқылы ғана мақсатқа жетуге болады. «Баланы бастан»демекші, балаға дұрыс ықпал, дұрыс бағдар беру мақсатында 8-11 сынып оқушыларына қалалық поликлиника психологы Гүлнұр Мұқтаровна «Девянты мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында слайд арқылы түсіндірме жұмысын жүргізді. Мектеп психологы Дарига Аязбековна мазасызданған жағдайда тыныс алу жаттығуын дұрыс жасау арқылы бойындағы үрейден арылуға болатынын көрсетті. Соңынан жаднама таратылды. Оқушылар ойларында жүрген сұрақтарына жауап алып, көңілді тарасты.