"Оқуға құштар мектеп"жобасы

"Оқуға құштар мектеп"жобасын іске асыру мақсатында күзгі демалыс кезінде
«Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз» атты іс-шаралар барысында
Қалалық балалар кітапханасына 5-6 сынып оқушыларына саяхат ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушылар арасында кітап оқуды насихаттау, кітапқа деген қызығушылығын арттыру; кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.
Кітапхана қызметкерлері қызықты әңгіме және кітапхана бойынша экскурсия өткізді. Оқушыларқалалық балалар кітапхана үй-жайын қарап, жағдаймен танысты. экскурсия өткізілген залдар өте ұнады. Кітапханашының кітапхана кітаптарының өмірі мен бірлескен сұхбатынан кейін оқушылар өздеріне ұнаған журналдар мен кітаптарды сөреден көруге және алуға, оларды парақтауға, иллюстрацияларды қарауға мүмкіндік алды. Балалар белсенді қатысты: жазушылар мен олардың шығармалары туралы сұрақтарға жауап берді,ертегі кейіпкерлерін тапты.
Экскурсия соңында барлық балалар жақсы және ұқыпты оқырмандар болуға және кітап қазынасының патшалығына жиі келуге уәде берді. Оқушылар көп әсер алды.