Іс-шараның басты мақсаты қоғамға саналы адамды қалыптастыру мемлекетіміздің басты міндеттеріміздің бірі болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімдерді жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеуден басталады.
2024 жылғы 21 қарашада № 13 орта мектебінің (арнаулы сыныптарымен) базасында Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері взвод командирі полиция майоры Касымов Алибек Канатулы, аға инспектор полиция аға лейтенанты Тилектес Ельаман, инспекторы аға лейтананты Сейтнуров Жасулан Бауыржанулы, инспекторы полиция лейтенанты Копжасаров Нурдаулет қатысуымен оқушылар мен жасөспірімдер арасында белең алып жатқан құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша іс-шара өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты қоғамға саналы адамды қалыптастыру мемлекетіміздің басты міндеттеріміздің бірі болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімдерді жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеуден басталады. Кәмелетке толмағандардың қылмысын алдын алу негізгі құралы құқықтық сананы дұрыс тәрбиелеу, құқықтық нормаларды жетілдіру болып табылады.
@gorono_metod
@taldykorgan_bilim
@zhetysu_bilim
@zhetysu.police