Қайтарылған активтер есебінен Петропавлда балабақша салу үшін 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді » №13 орта мектеп. Талдықорған
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің

«№13 орта мектеп (арнаулы сыныптарымен)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
➤Instagram Парақшамыз Қабылдау бөлімі :
+7(7282)32-21-56
E-mail №13 ОМ:
➤taldikorgan.sh13@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қайтарылған активтер есебінен Петропавлда балабақша салу үшін 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

ИНСТАГРАМ ПАРАҚШАСЫ №13 ОРТА МЕКТЕП


25
декабрь
2024

Қайтарылған активтер есебінен Петропавлда балабақша салу үшін 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Қайтарылған активтер есебінен Петропавлда балабақша салу үшін 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

📌 Президент тапсырмасын орындау аясында мемлекетке заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жалғасуда.

🔷 Үкімет Петропавлда 280 орындық балабақша салу үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Нысан қазіргі таңда белсенді салынып жатқан «Жас Өркен» шағын ауданында орналасады. Қазір онда бала саны 100% толы мектепке дейінгі 3 мекеме жұмыс істейді.

➡️ Балабақша құрылысы мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын азайтып, балаларға сапалы білім берудің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Петропавлда мектепке дейінгі ұйымдарға орналасуға шамамен 3 мың бала кезекте тұр, олардың жартысы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар.

🔵 Бұған дейін Үкімет Атырау облысындағы Жамансор және Ұлытау өңіріндегі Манадыр ауылдарында мектептер, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша, Ақмола облысының Зеренді ауылында спорт кешені және Риддер қаласында көпсалалы аурухана кешені құрылысын аяқтауға арналған жобаларды іске асыру үшін қаражат бөлу туралы шешім қабылдаған болатын.

📱 @KZgovernment
@gorono_metod
@bilim_baskarmasi

 

🤖 Ассистент №13
🇷🇺 Рус
🇰🇿 Қаз
🇺🇸 Eng
Қош келдіңіз! Тілді таңдаңыз 👆