Конкурс » №13 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№13 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
декабрь
2022

Конкурс

2022 ж. 1 желтоқсан күні "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 13 орта мектеп (арнаулы сыныптарымен)" КММ-сі Enbek.kz электрондық еңбек биржасына

- мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі (орыс тілінде) /тұрақты/

бос лауазымға конкурс жариялайды.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген маман хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген - бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама.

e-mail: taldikorgan.sh13@mailru

Конкурстың өту уақыты: 04.01.2023 ж. сағат 10.00-де.