22
август
2025
Жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына Банк ЦентрКредит мамандары да өз үлестерін қосты.
Жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына Банк ЦентрКредит мамандары да өз үлестерін қосты. Акцияның басты мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.
Банк қызметкерлері мектеп оқушыларына сөмке, кеңсе тауарлары мен оқу құралдарын сыйға тартып, олардың жаңа оқу жылын қуанышпен бастауына жағдай жасады.
Осындай игі шара балалардың білімге деген ынтасын арттырып қана қоймай, қоғамда қайырымдылық пен мейірімділік құндылықтарын насихаттауға үлкен үлес қосады.
Банк ЦентрКредит мамандарына мектеп әкімшілігі шынайы алғысымызды білдіреміз!