«Сыршыл сезім» Сырбай Мәуленовке -100 жыл » №13 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№13 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Сыршыл сезім» Сырбай Мәуленовке -100 жыл
14
ноябрь
2022

«Сыршыл сезім» Сырбай Мәуленовке -100 жыл

«Сыршыл сезім» Сырбай Мәуленовке -100 жыл



Тақырыбы: «Сыршыл сезім» Сырбай Мәуленовке -100 жыл
Қатысқандар: 6-сынып
Оқушылар саны-12
Мақсаты: Оқушыларды ақын өлеңдерінің эстетикалық-рухани құндылықтарымен тыныстыру, ойлау қабілетін дамыту барысында өлеңнің негізгі идеясы, көркемдігіне талдай білуге, өлеңдерінің мазмұнын ұғынуға жағдай жасау.
Ақын өлеңдері арқылы туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Мектеп кітапханасының оқу залында халық жазушысы, ақын, Қазақ КСР публицисті Сырбай Мәуленовтің 100 жылдығына «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында поэтикалық марафон өтті.
Қазақ поэзиясына нағыз сыршыл сезімді, шынайы, көркем бейнелі өлең үлгісін әкелгендердің жуан ортасында дүр тұлғалы Сырбай ақынның орны өзгеше. Қан майданда қар жастанып, мұз төсендірген соғыстың қайғы-қасіретін, өмір мен өлім айқасын өз көзімен көруі, көңілге түюі – ақын жырларының аясын кеңейтіп, көрген-білгенін ойында терең қорытып, тір­шілік философиясына айналдыруына себепші болғаны анық. Сұм соғыста бір қолын жоғалтып, жарадар болып қайтса да ақын 58 кітап жазған екен. Тәні ғана емес, жаны да мүгедек болып келсе де мөлдір сезімді жастық оты­нан, жан сұлулығынан ажыратпаған. Әсіре­се, соғыс тақырыбында жан сарайың­ды өртеп өтер өлмес, өшпес өнеге үлгілерін жасап қалдырды.Оқушылар А.Әшимхан,С.Тұрғанбай,Ә.Ераділ,Е.Әмірбек ақынның өлеңдерінен үзінділер оқыды.