«Қазақстан-Республикам менің» атты кітап көрмесі



20 қазан 2022 жылы мектеп кітапханасында «Қыран елім-Қазақстан» жалпы патриоттық акция аясында мектеп кітапханасының оқу залында 4-сынып оқушыларымен жылдам оқуға байқау өткізіліп соңынан
«Қазақстан-Республикам менің» атты кітап көрмесі таныстырылды.Кітап көрмесіне Қазақстан мемлекеті туралы кітаптар,сонымен қатар қазақ хандығының тарихына байланысты кітаптар қойылды. Себебі Қазақстан мемлекетеінің тарихы тереңде жатыр. Кітап көрмесіне негізінен 20-ға жуық кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды.
Көрменің басты мақсаты оқушыларымыздың осындай бейбіт тыныш өмір сүріп жатқанымыздың тарихы туралы ақпарат беру. Жалпы Қазақстан мемлекетінің қалай құрылып, оның тамыры қайдан басталғаны жайлы мәлімет беру. Сонымен қатар Қазақстан туралы оқушыларымыз да, оларға білім нәрін беріп жүрген ұстаздарымыз да өзіне керекті материалдарды тез әрі оңай тауып алсын деген мақсатта ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүйюге, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.
- Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын біліуге тәрбиелеу Оқушыларды жылдам оқуға,түсініп оқуға дағдыландыру.
Ерекшеленген оқушыларға марапаттар берілді