Наурыз мейрамы құтты болсын. » №13 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№13 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
март
2022

Наурыз мейрамы құтты болсын.


Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының барлығы біледі. Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ. Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандағының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар. Ызғарлы қыстың кетіп, жан иесі өмір қуатын туғызған жыл, жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын. ˝Қыс бойы қалың ұйқыда жатқан жануарлар да қыбырлап дүниеде бар екендіктерін білгізе бастайтын, аурулар сауығамын деп, аттар тойынамын деп˝ дегендей жұрттың бәріне үміт, әркім де жылы шырай сезіне бастап, ˝бәріміз де табиғаттың бергеніне ортақпыз˝ дегендей сағынышты көрісулері, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алатын. ˝Бүгінгі күні Самарқанның көк тасы да жібіпті˝, - десіп Наурыз күні пейілін кеңітпеген адамды тастан да қатты қылып шығарғысы келіп, аңыз қылысатын. Осындай қасиетті мейрамды ұлықтап , жалғастырып келе жатқан жас ұрпақ жасай берсін. Талдықорған қаласы 13 мектеп (арнаулы сынытарымен) КММ - сінде Наурыз -жыл басы атты ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Окушыларды ұлттық санаға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс шаралар жас ұрпаққа көп пайда тигізетініне сеніміміз мол.