23
октябрь
2025
Менің отаным Қазақстан тақырыбында мерекелік концерттік бағларлама өтті
Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігінің маңызын түсіндіру, отансүйгіштікке, елжандылыққа, өз елінің тарихы мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында 2025 жылдың 23 қазан күні мектебімізде «Менің Отаным- Қазақстан» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
Мерекелік іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының даму тарихы туралы бейнежазбалар көріп, патриоттық әндер айтып, өлеңдер оқылып, көрініс қойылымдары орындады. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы ерекше байқалды. Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өз мақсатына жетті, оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттыруға ықпал етті.
![]()