«Өмір жолындағы қиындықтарды еңсеру» тақырыбында дәріс өткізілді » №13 орта мектеп. Талдықорған
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің

«№13 орта мектеп (арнаулы сыныптарымен)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
➤Instagram Парақшамыз Қабылдау бөлімі :
+7(7282)32-21-56
E-mail №13 ОМ:
➤taldikorgan.sh13@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өмір жолындағы қиындықтарды еңсеру» тақырыбында дәріс өткізілді

ИНСТАГРАМ ПАРАҚШАСЫ №13 ОРТА МЕКТЕП


05
ноябрь
2025

«Өмір жолындағы қиындықтарды еңсеру» тақырыбында дәріс өткізілді

Оқушылардың өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастыруға ықпал ету, олардың бойында өмірдің мәні мен құндылығын түсіну сезімін ояту, әрбір адамның өміріндегі қиындықтар мен кедергілердің уақытша екенін ұғындыру. Қиын сәттерде өзіне сенім артып, жақындарынан, достарынан және ұстаздарынан көмек сұраудың маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ішкі тұрақтылығын нығайту мақсатында 2025 жылдың 5 -ші қараша күні Кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты құқық бұзушылық,
аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша 2025-2027 жылдарға арналған ведомствоаралық КЕШЕНДІ ЖОСПАР аясында Жетысу облысы дін істер басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту»орталығының теолог-маман Бөлекбаев Ерік Амангелдіұлы және Бөлім басшысы психолог-маманы Бекишева Асель Жанатқызының қатысуымен 8-11 сынып оқушыларына «Өмір жолындағы қиындықтарды енсеру» тақырыбында дәріс өткізді.
Кездесу барысында оқушыларды өз эмоцияларын басқаруға, өмірге позитивті көзқараспен қарауға, өз армандарына жету жолында табандылық пен ерік-жігер танытуға тәрбиелеу туралы айтылды. Бұл кездесу олардың бойында өмірді бағалау, қиындықты жеңе білу және айналасындағы адамдарға мейіріммен қарау сияқты адами қасиеттерді қалыптастыруға бағытталды.
Оқушылар тарыпынан кері байланыс жасалып, жауаптарын алды. Дәрісті мектеп әкімшілігі мен әдеп құқық жұмысы жөніндегі ментор Асем Сапарқызы ұйымдастырды.
@zhetysu_bilim
@zhetisu_umc
@gorono_metod
@marlen_kolbaev
@kairat_kuanyshbaev


 


 

🤖 Ассистент №13
🇷🇺 Рус
🇰🇿 Қаз
🇺🇸 Eng
Қош келдіңіз! Тілді таңдаңыз 👆