Оқушыларға лудоманияның зияны туралы түсіндірілді
Оқушыларға лудоманияның (құмар ойындарға әуестік) зияны туралы түсініктерін кеңейту, лудоманияның жеке тұлға мен қоғамға тигізетін теріс әсерін түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 7 қараша күні 2025-2027 жылдарға арналған ведомствоаралық КЕШЕНДІ ЖОСПАР аясында «Лудомания – заманауи қоғамның жасырын дерті» тақырыбында7-10 сыныптар арасында кездесу өтті.
Кездесу барысында оқушыларға лудоманияның белгілері, оның психологиялық және әлеуметтік зардаптары туралы ақпарат беріліп, бейнематериал көрсетілді. Сонымен қатар, алдын алу шаралары мен өз-өзіңді бақылаудың маңыздылығы талқыланды. Шараға мектеп әкімшілігі, әдеп құқық жұмысы жөніндегі ментор, психолог, сынып жетекшілер және жоғары сынып оқушылары қатысты. Кездесу соңында оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, талқылау өткізді.
Нәтижесінде: оқушыларда құмар ойындарының зияны туралы түсінік қалыптасып, жауапты мінез-құлық пен салауатты өмір салтына деген көзқарас нығая түсті.
![]()