Төтенше жағдайлар басқармасымен кездесу » №13 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№13 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Төтенше жағдайлар басқармасымен кездесу
14
май
2023

Төтенше жағдайлар басқармасымен кездесу

Төтенше жағдайлар басқармасымен кездесу туралы анықтама
Міне, көптен күткен жазғы демалыс уақыты да басталды.
Осы кезде балалардың көбі ата-аналарының қарауынсыз қалып жатады, себебі ата-аналардың барлығында бірдей балаларының демалысын ұйымдастырып, бақылауға уақыттары болмайды. Әрине, бүгінгі күні балалардың қауіпсіздік мәселесі өзекті болып отыр.
ТЖ комитеті білім беру, денсаулық сақтау министрліктерімен және жергілікті атқарушы органдармен бірігіп судағы және өрт кезіндегі балалардың қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар кешенін өткізуде.
12.05.2023 жылы № 13 орта мектеп ( арнаулы сыныптарымен) 5-10 сынып оқушылары арасында, “ Көктем, жаз мезгіліндегі және шомылу маусымы кезінде және өрт болған жағдайда қауіпсіздік шаралар туралы” мектептің мәжіліс залында жиналыс өтті. Қатысқан бала саны-150, мектеп ұжымы.
Жиналыс барысында қосымша өрт қауіпсіздігі және су айдынында , табиғат қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау туралы және қанғыбас иттерден сақтану, абай болу хабар етілді. Балалардың қауіпсіз жүріс - тұрыс жөніндегі жадынамалар мен жарнамалар және т.б мерзімді жарияланымдар арқылы таратылды.
Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Тілеубаев Елнур Жанатулы оқушыларға қауіп жан-жақтан ойламаған жерден келетінін түсіндірді. Өрт болған жағдайда 101, 112 нөмірлеріне хабарласу туралы қатаң ескертті.Олардың назарына түрлі қауіп төнгенде не жасауға болатыны туралы бейнероликтер көрсетілді. Жиналыс соңында Жетісу облысы құрылғанына байланысты Талдықорған қаласының мектептер арасында өрттен құтқару спорты бойынша қалалық жарыста мұнараның 2-ші қабатына шабуыл сатысымен жүгіріп шығуыда жүлделі 1-орын иеленген үшін 10 сынып оқушысы Тайлақ Ақниетті марапаттады.

 

Похожие публикации:

23 январь 2023 Педконсилиум
23 январь 2023 Педконсилиум
22 ноябрь 2022 Педконсилиум
22 декабрь 2022 Конкурс