№13 орта мектеп (арнаулы сыныптарымен)КММ азаматтық қорғаныс төтенше жағдай жоспарына сәйкес жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралар тақырыбында 16.05.2025 жылы сейсможаттығу өткізілді
№13 орта мектеп (арнаулы сыныптарымен)КММ азаматтық қорғаныс төтенше жағдай жоспарына сәйкес жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралар тақырыбында 16.05.2025 жылы сейсможаттығу өткізілді, Сейсможаттығу өткізердің алдында: бұйрық шығарылды, сол бұйрықтың негізінде топ командирлері тағайындалды Олар: құтқарушы топ, алғашқы медициналық көмек көрсету тобы, қорғану паналау ғимаратына қызмет көрсету тобы, қоғамдық тәртіп сақтау, өрт сөндіру звеносы, эвакуациялау топтары құрылды. Айтылған топтардың әр қайсысының топ командирлері және көмекшілері тағайындалды.
Ең алдымен барлық есіктердің ашық тұруын қадағалау.Жауапты адам дабыл бергеннен кейін пән мұғалімдері немесе сынып жетекшілері бірінші сынып журналымен оқушыларды қауіпсіз аймаққа шығару керек. Шығу барысында олардың мейлінше дін-аман шығуын қамтамасыз ету керек.Қауіпсіз аймақта барлық оқушылар сапқа тұрғызылады, оған жауапты ДОТЖ орынбасары. ДОТЖ бастығына сапта тұрғаны жайлы баяндады.Одан кейін пән мұғалімдер тізім бойынша түгендеп, қанша оқушы жарақат алды, қаншасы сапта тұр, жоқтардың санын айтып, ДОТЖ бастығына есеп берілді.
Төтенше жағдайлар болған кезде оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында барлық 1-10 сынып оқушылары, мектеп қызметкерлері, жұмысшылары толығымен қатысты.
Сейсможаттығуға құтқару тобы төтенше жағдайлар өткен жерлерде адамдарды іздестіру жұмыстарын атқарды.Санитарлық пост жарақаттағандарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, өрт сөндіру звеносы мектеп ғимаратында болған өрттерді сөндіру жұмыстарын атқарып жатты. Паналау-қорғану ғимаратында қызмет көрсету звеносы, қоғамдық тәртіп сақтау звеносы толығымен қатысты. Сейсможаттығу өткізген кезде оқушылармен қызметшілер толығымен далаға шығарылды.
@zhetusy_bilim
@jetisu_akimdigi
@taldyqorgan_akimdigi
@marlen_kolbaev
@zhetisu_umc
@meruertabdykalieva
@taldykorgan_bilim
@bilim_baskarmasi
@gorono_metod