❗️Құрметті ата-аналар! » №13 орта мектеп. Талдықорған
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің

«№13 орта мектеп (арнаулы сыныптарымен)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
➤Instagram Парақшамыз Қабылдау бөлімі :
+7(7282)32-21-56
E-mail №13 ОМ:
➤taldikorgan.sh13@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ❗️Құрметті ата-аналар!

ИНСТАГРАМ ПАРАҚШАСЫ №13 ОРТА МЕКТЕП


18
июнь
2025

❗️Құрметті ата-аналар!

❗️Құрметті ата-аналар!

👫Жазғы демалыс кезінде көптеген жасөспірімдер қосымша жұмыс табуға ұмтылады - біреуі өз бастамасымен, біреуі ересектердің өтініші бойынша. Алайда кәмелетке толмағандардың еңбек қызметі қатаң заңнама шеңберінде жүзеге асырылуы және олардың денсаулығына, оқуына және дамуына зиян келтірмеуі тиіс екенін есте сақтау маңызды.

⚖️ҚР Еңбек кодексінің 69-бабына сәйкес:

▫️14 пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдер аптасына 24 сағаттан артық жұмыс істемеуі тиіс;

▫️16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін бұл шектеу — аптасына 36 сағаттан аспауы қажет.

📑Кәмелетке толмаған жаспен еңбек шарты жасалғанда ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша келісімі міндетті түрде қажет.

⚠️Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес кәмелетке толмағандарды келесідей жұмыстарға тартуға тыйым салынады:

– түнгі уақыттағы жұмыс (сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін),
– үстеме жұмыс,
– вахталық әдіспен жұмыс істеу,
– қоса атқарылатын жұмыс
– жұмыс уақытының жиынтық есебімен жүргізілетін еңбек.

💬«Әрбір бала қанаудан аулақ болу және денсаулығын сақтау үшін өз құқықтарын білуі маңызды. Сондай-ақ, олардың заңды құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету — ересектердің міндеті. Балалар еңбегін заңсыз пайдалану елеулі құқық бұзушылық болып табылады. Ал жұмыс берушілер тіпті әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

☑️Балаларды еңбек қызметінің тыйым салынған түрлеріне тарту фактілері анықталған жағдайда бұл туралы еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторға, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне немесе 111 бірыңғай байланыс орталығына дереу хабарлауды сұраймыз.

 


 

🤖 Ассистент №13
🇷🇺 Рус
🇰🇿 Қаз
🇺🇸 Eng
Қош келдіңіз! Тілді таңдаңыз 👆