«Қауіпсіздік- әркімнің жауапкершілігі»
2025-2027 жылдарға арналған ведомствоаралық КЕШЕНДІ ЖОСПАР аясында 2025 жылдың 12 қараша күні «Қауіпсіздік- әркімнің жауапкершілігі» тақырыбында 5-10 сыныбының оқушыларына төтенше жағдай басқармасының аға инспекторы Орысбай Жан Дастанұлы мен офицер ГГО Тасбулатов Дамир Аскарұлының қатысуымен профилактикалық кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты: Оқушыларға қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстау ережелерімен таныстыра отырып төтенше жағдайлардың алдын алу болып табылады.
Кездесу барысында оқушыларға төмендегі бағыттар бойынша ақпарат берілді.
* Өрт қауіпсіздіг ережелері.
* Электр және газ құрылғыларын пайдаланудағы қауіпсіздік шаралары.
* Табиғи апаттар (жер сілкінісі, су тасқыны, боран) кезінде дұрыс әрекет ету тәртібі.
* Дала және тұрмыстық өрттердің алдын алу.
* Қауіп кезінде жедел әрекет ету және 112 нөміріне хабарласу жолдары туралы.
Сонымен қатар, мамандар көрнекі мысалдар келтіріп, оқушыларға сұрақтар қойып, төтенше жағдайлар кезіндегі нақты іс-әрекеттерді түсіндірді. Оқушылардан кері байланыс жасалып, сұрақтарына жауап алды. Кездесуді мектеп әкімшілігі мен әдеп құқық жұмысы жөніндегі ментор Асем Сапарқызы ұйымдастырды.