"Қыз балалардың репродуктивті денсаулығын қорғауға бағытталған ақпараттық жиналыс"
Қыз балалардың репродуктивті денсаулығын қорғау, жасөспірімдік кезеңдегі физиологиялық өзгерістер туралы сауаттылығын арттыру мақсатында
2025-2027 жылдарға арналған ведомствоаралық КЕШЕНДІ ЖОСПАР аясында
2025 жылдың 14 қараша күні мектеп әкімшілігі және әдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментордың ұйымдастыруымен гинеколог маман Байматаева Назым Айдосқызының қатысуымен «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» тақырыбында 6-11 сыныбының қыздарына, ақпараттық-түсіндіру жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында төмендегі мәселелер қарастырылды:
• Жасөспірімдік кезеңдегі ағзадағы өзгерістер ерекшеліктері;
• Жеке бас гигиенасын сақтау ережелері;
• Ерте жүктіліктің алдын алу және жауапкершілік;
• Қауіпті факторлар және олардың алдын алу жолдары;
• Гинекологиялық аурулардың алғашқы белгілері және маманға уақтылы қаралу маңыздылығы;
• Әлеуметтік желілердегі зиянды ақпараттардан сақтану.
Оқушылар маманға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Жиналыс жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал етті.
Қамтылған оқушы саны : 60