"Оқушылар арасында құқықтық мәдениет" » №13 орта мектеп. Талдықорған
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің

«№13 орта мектеп (арнаулы сыныптарымен)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
➤Instagram Парақшамыз Қабылдау бөлімі :
+7(7282)32-21-56
E-mail №13 ОМ:
➤taldikorgan.sh13@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Оқушылар арасында құқықтық мәдениет"

ИНСТАГРАМ ПАРАҚШАСЫ №13 ОРТА МЕКТЕП


19
ноябрь
2025

"Оқушылар арасында құқықтық мәдениет"

Оқушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында және 2025-2027 жылдарға арналған ведомствоаралық КЕШЕНДІ ЖОСПАР аясында 19 қараша күні мектеп әкімшілігі, Талдықорған қаласы прокуратурасының бөлім аға прокуроры Көпенов Меиржан Бақытжанұлы және қоғамдық қауіпсіздік кәмелетке толмаған істер жөніндегі аға инспектор полиция майоры Ашимов Бақытжан Серикжановичтің қатысуымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында оқушыларға:
• құқық бұзушылықтың түрлері, оның құқықтық жауапкершілігі 

 
• нашақорлықтың зияны және есірткі заттарын сақтау, тұтыну, тарату кезіндегі заңды жауапкершілік
• ұсақ бұзақылық әрекеттердің (тәртіпсіздік, қоғамдық орындарда тәртіп бұзу) салдары
• кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңсыз көшеде жүруі бойынша әкімшілік жауапкершілік
• вандализм, қоғамдық мүлікті бүлдіру, граффити салу сияқты әрекеттердің заң алдында бағалануы
• суға түсу маусымында қауіпсіздік ережелерін сақтау, су айдындарындағы тәртіп ережелері жайлы толық ақпарат берілді.

Меиржан Бақытжанұлы мен Бақытжан Серикжанович нақты мысалдар келтіре отырып, әр әрекеттің құқықтық салдарын түсіндірді. Сонымен қатар оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, өзін-өзі қорғау және қауіпті жағдайлардың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.
Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан тиісті жауаптар алды.
Кездесу оқушылардың құқықтық білімін арттыруға, құқыққа қарсы әрекеттерден аулақ болу дағдыларын қалыптастыруға, қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға бағытталған тиімді шара болды.Оқушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында және 2025-2027 жылдарға арналған ведомствоаралық КЕШЕНДІ ЖОСПАР аясында 19 қараша күні мектеп әкімшілігі, Талдықорған қаласы прокуратурасының бөлім аға прокуроры Көпенов Меиржан Бақытжанұлы және қоғамдық қауіпсіздік кәмелетке толмаған істер жөніндегі аға инспектор полиция майоры Ашимов Бақытжан Серикжановичтің қатысуымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында оқушыларға:
• құқық бұзушылықтың түрлері, оның құқықтық жауапкершілігі
• нашақорлықтың зияны және есірткі заттарын сақтау, тұтыну, тарату кезіндегі заңды жауапкершілік
• ұсақ бұзақылық әрекеттердің (тәртіпсіздік, қоғамдық орындарда тәртіп бұзу) салдары
• кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңсыз көшеде жүруі бойынша әкімшілік жауапкершілік
• вандализм, қоғамдық мүлікті бүлдіру, граффити салу сияқты әрекеттердің заң алдында бағалануы
• суға түсу маусымында қауіпсіздік ережелерін сақтау, су айдындарындағы тәртіп ережелері жайлы толық ақпарат берілді.

Меиржан Бақытжанұлы мен Бақытжан Серикжанович нақты мысалдар келтіре отырып, әр әрекеттің құқықтық салдарын түсіндірді. Сонымен қатар оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, өзін-өзі қорғау және қауіпті жағдайлардың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.
Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан тиісті жауаптар алды.
Кездесу оқушылардың құқықтық білімін арттыруға, құқыққа қарсы әрекеттерден аулақ болу дағдыларын қалыптастыруға, қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға бағытталған тиімді шара болды.

🤖 Ассистент №13
🇷🇺 Рус
🇰🇿 Қаз
🇺🇸 Eng
Қош келдіңіз! Тілді таңдаңыз 👆